НАТО саммиті басталды

Украинадағы жағдай Испанияның Мадрид қаласында басталған НАТО саммитінде де талқыға түседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш күнге созылатын жиында одақтың қорғанысы мен ұлғаю мәселесі қаралады. Саммит қарсаңында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянстың шұғыл әрекет ету күштері 300 мыңға дейін жеткізілетінін хабарлады. Қазір олардың саны 40 мың сарбаздан тұрады. Мадридтегі саммит альянс бас хатшысының соңғы кездесуі болуы керек еді. Алайда Одақ қазіргідей қиын сәтте тәжірибелі дипломаттың қызметін жалғастыра беруіне келісті.

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

Саммитте біз алдыңғы шептегі қорғанысымызды күшейтеміз. Альянстың Шығыс қапталындағы әскери құрамдарды бригада деңгейіне дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жылдам әрекет ету күштерін қайта жасақтап, оның құрамын ұлғайтамыз. 

Басқосуда альянсқа Швеция мен Финляндияның мүше болу мәселесі де талқыланбақ. Алайда Түркияның ұстанымына қатысты қос елдің ұйымға қосылуы осы жиында шешілуі екіталай. Себебі Түркия екі мемлкеттің өтінішін қолдау үшін бірқатар талап қойып отыр.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

– Біз Мадридте Швеция мен Финляндия басшысы және НАТО бас хатшысының қатысуымен төрт жақты кездесу өткіземіз. НАТО-ға мүше болу белгілі мндеттерді жүктейді. Егер Финлянлдия мен Швеция альянсқа қосылғысы келсе, Түркияның қауіпсіздікке қатысты мүдделерін ескеруі керек.

Мадирдтегі саммит тарихи болғалы тұр. Себебі Альянс осы басқосуда жаңа стратегиялық тұжырымдамасын бекітеді.

Авторы: Дәурен Ақашұлы