Египетте жол апатынан 17 адам қаза тапты

Египеттің оңтүстігінде микроавтобустың жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан он жеті адам қайтыс болды, төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новостиге сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға сәрсенбіге қараған түні Египеттің оңтүстігіндегі Сохаг провинциясында болған.

Белгілі болғандай, микроавтобус жүргізушісі басқа көлікті басып озу үшін қарсы жолға шығып кеткен.