Қытай Жапонияны көздеп бес зымыран атты

Қытай әскері Жапонияға қарасты Хатерума аралына 5 баллистикалық зымыран атты.

Бұл туралы жапон үкіметіне сілтеме жасаған «Киодо Ньюз» ақпарат агенттігі хабарлады.

Жалпы Қытай 9 зымыран атқылаған. Олар 350 шақырымнан 700 шақырымға дейін жеткен. Зымырандардың төртеуі Тайвань жерін көктей өтіп, бесеуі Жапонияның айрықша экономикалық аймағына түсті. Күншығыс елінің Сыртқы істер министрі Иосимаса Хайаси Қытайдан Тайвань маңында оқ атқылап жатқан әскери оқу-жаттығуды дереу тоқтатуды талап етті. Сондай-ақ жапон үкіметі Қытай билігіне қарсы дипломатиялық арыз түсірді.

Айта кетейік, Тайваньға АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси келгеннен бастап, аймақтағы жағдай қатты ушығып тұр.