Ұлыбританияда теміржолшылар ереуілге шығып, пойыздардың 80 проценті тоқтады

Теміржол бағыттарының басым бөлігі, соның ішінде  Лондонның барлық станцияларында қозғалыс тежелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұмысшылар кәсіподақтары жалақының аздығына қарсылық білдіріп отыр. Ереуілшілердің айтуынша, онсыз да айлықтары шайлықтарына жетпей  жүргенде, инфляция, қымбатшылық олардың әлеуметтік жағадайын күрт төмендетіп жіберді. Наразылық акция салдарынан ондаған мың адам діттеген жеріне жете алмай, жолдан қалған. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша,  бұл  теміржолшылардың соңғы 30 жылда болған ең ірі ереуілі. Жергілікті билік болса, азаматтарын алыс жолға  шықпауға шақырады. Шеру сенбі күні де жалғасады.