Грекияда телефоны тыңдалған саясаткердің кесірінен шеру өтіп жатыр

Грекия астанасы Афинде 300-ге жуық адам шеруге шықты. Олар қазіргі үкіметтің биліктен кетуін талап етті.

Наразылыққа телефон әңгімесін тыңдауға қатысты былық себеп болған. Осы шуға байланысты бүгін парламент қабырғасында жиналыс өтуге тиіс. Өткен айда Грекияның Ұлттық барлау қызметі Социалистік партияның басшысының телефонын тыңдағаны анықталды. Елдің Премьер-министрі бұдан хабарым жоқ деп ақталуда. Бірақ ол бірден Ұлттық барлау қызметінің басшысынмен өз көмекшісін орнынан алды.

Микалис Критаридис, оппозициялық партияның өкілі:

- Біз қазіргі биліктің авторитарлық әрекеттеріне қарсы бас көтердік. Олар халықты кедейшілікке ұрындырып қана қоймай, сондай-ақ азаматтардың, журналистер мен саясаткерлердің демократиялық бостандығына қол сұғып отыр. Премьер-министр орнына кетуі керек. Бізге жаңа сайлау өткізу қажет!