АҚШ-та сот бұрынғы президентті тінтуге шешім шығарды

АҚШ-та Әділет министрлігі бұрынғы президент Дональд Трамптың Флоридадағы үйін тінтуге негіз болған сот шешімін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

38 беттік құжаттың басым бөлігі құпиялық мақсатында ашық көрсетілмеді.

Еске сала кетейік, тамыздың 8-і күні Трамптың Флоридадағы резиденциясында тінту жүргізілген еді. Оған АҚШ-тың Ұлттық мұражайлар басқармасының осы үйден құпия құжаттары бар жәшіктер табылғанын хабарлауы түрткі болады. Мұнан кейін тергеу басталып, өзге де маңызды деректер болуы мүмкін деген күдікпен тінтуге рұқсат беріледі. Алайда Трамп қорғаушылары бұл құжаттар құпиялығын әлдеқашан жоғалтқан деп отыр.