Түркияда қолайсыз ауа райы тұрғындарды әбігерге салды

Түркияның Қаратеңіз аймағында орналасқан Кастамону провинциясына толассыз жауған жауын салдарынан 400-ден астам тұрғын үй мен жұмыс орнын су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолайсыз ауа райына байланысты көшелер жабылды. Адам шығыны жоқ. Дегенмен, 3 кісі түрлі деңгейде жарақат алған. Бұдан бөлек, Анталияда орманды алқапта өрт шығып, оны сөндіруге 200 төтенше жағдай қызметкері жұмылдырылды.