Оңтүстік Кореяда тайфуннан әуе рейстері тоқтады

Оңтүстік Кореяға алапат «Хиннамнор» тайфуны соққы берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дауыл бүгін таңертең Чед-жудо аралынан басталып, Пусан портының оңтүстік-батысына дейін жетеді деп күтілуде. Тайфунның жылдамдығы сағатына 24 шақырымнан асқан. Korean Airlines және Asiana Airlines әуе компанияларының көптеген рейсі кейінге қалып, ішкі бағыттағы ұшақтар мүлдем тоқтатылды. Қауіп деңгейі ең жоғары көрсеткішке жеткен. Жергілікті билік тұрғындарды алыс жолға шықпауға, сақтық шараларын сақтауға шақырып отыр.