Қытайда 6,9 балдық зілзала болды

Тайваньда жер сілкінді. Зілзаланың қуаты 6,9 балға жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір тәуірі опат болғандар жоқ. Бірақ бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Бір ғимарат жартылай опырылып құлаған. Жер сілкінісі салдарынан пойыз рельстен шығып кетті. 7 мың үй жарықсыз қалды. Сейсмологтар бұл биыл Тайваньда тіркелген ең ірі зілзала екенін айтады.