Индонезияда жер сілкінісінен мерт болғандардың саны 250-ге жетті

Бұған дейін 162 адам опат болды деп хабарлаған едік, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Ява провинциясының билік өкілдері марқұмдардың көбі бала екенін хабарлайды. Тағы кемінде 150-ге жуық адам із-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Еске сала кетейік, зілзала Батыс Ява провинциясының Чианджур қаласында орын алды. Жер асты дүмпулерден екі мыңнан астам ғимараттың тас талқаны шыққан. 13 мың тұрғын эвакуацияланды. Құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.