Ресейдің құрылыс саласына жұмысшы жетіспей жатыр

Кадр тапшылығы 25 процентке жеткен. Бұл кейінгі 5 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Сарапшылар бұл мәселе коронавирус басталғаннан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Өйткені шекаралар жабылғасын елдегі еңбек мигранттары отанына қайтқан. Ал күзде жартылай мобилизация жарияланғаннан кейін кадр тапшылығы одан бетер ушығып кетті.