Бурабайда «Рухани қазына» онлайн фестивалі өтіп жатыр

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен мәдениет ошақтары атсалысқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар кітапхана саласы, музей ісі, мәдениет ұйымдары бойынша бақ сынады. Фестиваль қорытындысы ертең жарияланады. Бурабайда жиналған үздіктерге семинар-тренингтерұйымдастырылды. Шараға мұрындық болған мәдениет министрлігінің өкілдері әр өңірдің бөлісер жетістігі мен тиімді тәжірибесі бар екенін айтады.

Биыл Көкшетау ресми түрде еліміздің мәдени астанасы болды. Ол арқылы Ақмола жерінің ғана емес, республика көлеміндегі мәдени ошақтардың дамуына серпін беру көзделген. 

Марғұлан Оспанов, Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин атындағы музей директоры:

– Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы және музейдің ашылғанына 30 жылдық мерейтойы. Осындай қос бірдей ерекше қуанышымыздың тұсында марапатқа ие болғанымыз қуанышымызды еселеп жатыр. Ерекше сезімде тұрмыз.