Семейде бауырсақ пісіруден жарыс өтті

Қазылар алқасы болып тәжірибелі, ақ жаулықты әжелер іріктелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаның мақсаты – қала тұрғындарына ұлттық құндылықтар мен ұлттық тағамдарды насихаттау. Небәрі бірер сағат ішінде көшеде өтіп бара жатқан қала тұрғындарына 500-ге жуық бауырсақ таратылды. Атап өткен жөн, қызмет еткен 6 жыл ішінде аналар үйінен 200-ден астам келіншек қиын кезеңнен қалыпты өмірге қадам басқан. Бұл мақсаттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады дейді ұйымдастырушылар.     

Мәдина Төлеутаева, «Аналар үйінің» тұрғыны:

– Негізі бауырсақ пісіріп көрмегем, көмектесіп үйрендім. Осы үйде тұрып жатқаныма екінші ай болды. Бір қызым бар, екі жас сегіз ай.

Айнагүл Нұртазина, «Аналар үйінің» үйлестірушісі:

- Біз осы үйде бақша отырғызамыз, бауырсақ, нан пісіруді үйретеміз.