426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық музейде «Ұлық ұлыс» залы ашылды

  • 158
  • UPD: 21:36, 28.05.2021
Ұлттық музейде «Ұлық ұлыс» залы ашылды

Ұлттық музейде Ұлық Ұлыс залы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы арқылы Алтын орда мемлекеті мен Қазақ хандығының тікелей сабақтастығын көрсету, олардың өзара байланысы мен тарихын насихаттау көзделіп отыр. Сондай-ақ музей басшылығы Ұлық Ұлыс мемлекетінің мұрагері қазақ халқы екенін этникалық, генетикалық, антропологиялық және географиялық деректермен көрсетпек. Келушілердің назарына шетел мұрағаттарынан табылған хандардың жазбаларының көшірмесі, мемлекеттің рәмізі болған туы, тарихи құнды құжаттар және өзге де жәдігерлер ұсынылады.  

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Ұлық Ұлыс мемлекеті қазақтың тарихы ғана емес. Бұл сол империядағы бірге болған ноғайлар, қарақалпақтар, татарлар, Қырым татарлары, солар Қазақстанға келгенде біздің ортақ тарихымызды көру керек. Біз бөліп жатқан жоқпыз біздікі ғана деп, бұл біздің жалпы тарихымыз.

Хабар 24 телеарнасы