Елордада Ш.Аймановтың Алдар көсе бейнесіндегі муралы пайда болды

Нұр-Сұлтанда Алдар көсе бейнесінде Шәкен Аймановтың жаңа муралы ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл картина «Алдар көсе» фильміндегі стоп-кадр. Алдар көсенің рөлін қазақ фильімінің негізін қалаушы Ш. Айманов ойнаған болатын. Суретте театр әлемін айқындайтын қызыл перде арқылы дала образындағы шынайы өмірдің бейнесі жатқан шығармашылық әлемді көрсеткен. Мурал Ж.Омаров, 64 мекенжайындағы «Театральный» бульвары мен «DEMALYS PROMENADE» жаяу жүргіншілер көшесінің ортасында орналасқан. Жұмыстың авторы – суретші Асхат Ахмедияров.