Түркістан облысында Домбыра күні атап өтілді

Ескі Сауран қалашығында ұйымдастырылған таңертеңгі ғажайып көріністі аудан әкімдігінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары және аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері тамашалады.

Көне шаһардағы бұл көрініс көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Орта ғасырлық ескі Сауран қаласының орыны бір сәтке ұлттық киімдегі қыз-жігіттер мен күмбірлеген күйдің ордасына айналды. Мерекелік шараға отыздан астам өнерпаз қатысты. Олар Түркештің «Көңілашар», Құрманғазының «Балбырауын» және Динаның «Науысқы» күйлерін орындады.

Шерхан Әлібеков, домбырашы: 

- Таңғы айтылған азанның нәсібін көріп, таңғы шыққан күннің шапағын көріп, барша осы Сауран ауданының аймағындағы домбырашылар жиналып, осы жерге келіп, Домбыра күнінде қазақтың керемет күмбірлеген күйлерін орындап жатырмыз.