Қырғызстанда Қазақстанның мәдени күндері басталды

Бішкекте қазақ әндері шырқалып, мәдениетіміз ұлықталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бауырлас елде Қазақстанның мәдени күндері басталды. Қос мемлекет үшін айрықша шарада айыр қалпақты ағайын өнер майталмандарын марапаттады. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға Шыңғыс Айтматов атындағы академияның академигі атағы берілді. Ал Әлібек Дінішев, Асанәлі Әшімов, Роза Рымбаева Айтматов атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Мақпал Жүнісова, Майра Мұхамедқызы, Нұржамал Үсенбаева мен Алтынбек Қоразбаевтар да зор қошеметке бөленді. Олар құрметті профессор атағын алды. Алдағы күндері қырғыз көрермендеріне қазақтың танымал фильмдері, өнер көрмесі және шоқтығы биік опера ұсынылады. Мәдени шара гала концертпен аяқталады.