Испанияда өткен фестивальде жерлестеріміз жүлделі болды 

Қазақстандық жас режиссердің «Мыстан» сериалы «Bilbao International Digital Webserie Festival-інде» жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24». salemsocial.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, сериалдың режиссері Ернар Нұрғалиев. Ал бұл режиссердің веб-сериал түсірудегі алғашқы тәжірибесі.

12 эпизодтан тұратын «Мыстан» веб-сериалы биыл 24 маусымнан бастап YouTube желісінде көрерменге жол тартты.Жаңа туындыны ArtDealers мен Salem social media продюсерлік компаниялары бірлесіп түсірген.

Туындының жалпы мазмұны – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер, кек алу жолы сияқты бағытта өрбиді. Өздерін ренжіткен ер адамдарды заң алдында жауапқа тартқысы келеді.