Imanbek үш елдің музыканттарымен бірге фит шығарады

Әзірге оның қашан шығатыны белгісіз, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов өзінің Instagram парақшасында жаңа трек жариялады.

- @wizkhalifa, @kddkrap, @kiddomusic-пен фит жазғаным жақсы болар еді, – деп әзілдеді саунд-продюсер.

Жаңа тректің тыңдарманға жол тартуы үшін Иманбекпен қатар американдық рэпер Wiz Khalifa, швед әншісі Kiddo және ресейлік хип-хоп әртісі, продюсер KDDK жұмыс істеп жатыр.

Әнші Kiddo да өзінің Instagram парақшасында жаңа фит туралы айтты.

- Бұл әріптестіктің бір бөлігі болу өте қуанышты айт, – деді орындаушы.

Ол музыканың бір бөлігін 2013 жылы «Евровидениеде» өнер көрсеткен Швед музыканты Робин Шернбергпен бірге жазғанын айтты.

Жаңа жұмыс «Ordinary world» деп аталуы мүмкін.