Екі жылдық үзілістен кейін: Димаш Құдайберген концерттен алған әсері туралы айтты

16 Сәуірде Чехия Республикасының астанасы Прага Димаш Құдайбергеннің ARNAU эстафетасын қабылдады. Бұл туралы DimashNews-ке сілтеме жасай отырып «Хабар 24» хабарлайды.

Әнші пандемияның екі жылынан кейін көптен күткен жеке концерті қалай өткенін айтып берді.

Чехияның жүрегіндегі шоуды жарқын әрі әсерлі аяқтаған Димаш пандемияның ұзақ уақыт өткеннен кейін жеке концертпен оралуы оның ештеңемен салыстыруға келмейтін керемет сезімін тудырғанын айтты: «Иә, пандемияның екі жылында мен әртүрлі марапаттар мен фестивальдерде өнер көрсеттім, бірақ жеке концертпен оралу – мүлдем басқа эмоция. Атмосфера көбірек таныс, ерекше. Сондықтан барлық Dears-қа маған көрсеткен сүйіспеншілігі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді».