Димаш Құдайбергеннің жаңа әні Billboard чартына енді

Димаш Құдайбергеннің «О’кей» атты жаңа композициясы Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадының ТОП-10-ына енді.

Dimashnews мәліметінше, «Fly Away» және «Be With Me» әндері чартта өз позицияларын алуды жалғастыруда.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Димаштың «О’кей» атты жаңа композициясы Billboard’s Hot Trending Songs хит-парадында 8-орынға ие болды. Жоғарыдағы жолда «Fly Away» әні бар, ол 22 апта бойы үздік 10-тың тізімінде.

Бұған дейін отандық әншінің жаңа бейнебаяны жарық көргенін жазғанбыз.