Кореяда Қазақстан корейлеріне арналған көрме өтіп жатыр

Бұл іс-шара ресми Нұр-Сұлтан мен Сеул арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрмеге 100-ден астам жәдігер қойылған. Олардың ішінде тарихи құжаттар, қолжазбалар мен фотосуреттер бар. Қызылордадағы корей театрының көшірмесі де тұр. Бұл мәдениет ошағы 1937 жылы корейлермен бірге Қазақстанға жер аударылған. Халық қаһарманы Хон Бом Доға қатысты материалдар да ерекше орын алады. Олардың ішінде  қолбасшының қайтыс болғаны туралы куәлік сақталған. Сондай-ақ, 1929 жылы Ханка көлінің жанында түсірілген Хон мен оның әйелінің фотосуреті қойылған. Естеріңізге сала кетейік, батырдың сүйегі Қызылордадан Кореяға өткен жылдың тамыз айында жеткізілген болатын.

Ким Бен Хак, ТМД Корейлер мәдени орталығының басшысы:

- Кішкентай кезімде бізге Хон Бом До басқыншыларға қарсы соғысты деп үйретті, бірақ біз оның қайда тұратынын білмедік. Ұлы қолбасшының Кеңес Одағында жерленгені туралы мәліметтер болды, ал Қазақстан туралы деректер болған жоқ. Хон Бом Доның Қазақстанда тұрып жатқаны және жерленгені, оның сүйегі Кореяға жеткізілген кезде көп айтылды. Қазір көп адамдар сіздің ел туралы және онда этникалық корейлер тұратынын, корей театры барын, корей тілінде газет шығатынын біледі.

Елена Ким, Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры:

- Қазақстандағы корей театры биыл өзінің 90 жылдық мерейтойың атап өтпекші. Сіздердің назарларыңызға театрымыздың мұражайында орналасқан бірқатар экспонаттарымызды ұсынбақпыз. Корей театры Қазақстанның сан алуан мәдениетінің ажырамас бөлігі. Әрі берекелі қазақ жерінде корейлердің қазақ өнерін лайықты деңгейде сақтап дамытып отырған өнер шанырағы.