Елімізде коронавирус жұқтырған 272 адам ауыр халде жатыр

11 қаңтардағы мәлімет бойынша 23 498 адам короновирус инфекциясынан (11 577 КВИ+ және 11 921 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 5 608 пациент стационарда, 17 890 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 272 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.