419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда балабақшалардың біріндегі кезекші топ карантинге жабылды

  • 46
  • UPD: 15:20, 14.01.2021
Оралда балабақшалардың біріндегі кезекші топ карантинге жабылды

Онда келіп жүрген 4 жасар бүлдіршіннен коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың мәліметінше, бала қатерлі вирусты отбасы мүшелерінен жұқтырған. Кезекші топтағы 13 бөбек, тәрбиеші және оның көмекшісі үйге оқшауланды. Енді әрқайсысынан медициналық сынама алынады. Ал балабақшадағы қалған кезекші топтар жұмысын жалғастыра береді. Облыста эпидахуал тұрақсыз. Жыл басталғалы бері 531 адам коронавирус жұқтырды. Олардың 28-і – 14 жасқа дейінгі бала.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Жыл басынан бері балабақшалардың арасында да осы бірінші жағдай тіркеліп отыр. Енді медициналық қызметкерлермен, сонымен қатар эпидемиологиялық мамандармен эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы