Коронавирус: қазақстандық мамандар екпе егуге қызу дайындалып жатыр

Он шақты күннен кейін елімізде жаппай вакциналау басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мамандар екпе егуге қызу дайындалып жатыр.

Қазақстан ресейлік вакцинаның екі миллион дозасын әзірлейтін болып келіскен. Оны өңір-өңірге 16 көлік тасымалдайды. Мамандар қазір елде 4 бірдей ірі хаб барын айтады. Олар елордада, Алматыда, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орналасқан. Басқа аймақтарға қажет вакцинаны жауапты компания 2 күнде жеткіземіз деп отыр.

Ержан Оспанов, «СҚ-Фармация» ЖШС логистика басқармасының басшысы:

– Вакцина дайын болған кезде оны бірден тиісті орынға жеткіземіз. Екпені сақтайтын арнайы қоймалар бар. Көліктеріміз де жеткілікті. Денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті билік өкілдері өзара келісіп, құжаттар дайын болған кезде бірден іске кірісеміз. Екпе егу ақпан айының басына жоспарланған.

Сондай-ақ...