Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларының уақыты ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында карантинге қатысты шектеу шаралары жетінші ақпанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар «қызыл аймақтағы» Павлодар облысымен арадағы барыс-келісте сақтықты күшейтеді. Санитарлық бекет Бесқарағай ауданы мен Курчатов қаласының кіре берістеріне қойылды. Ол жерден облыс тұрғындары мен медициналық көмекке мұқтаж азаматтар ғана өте алады. Ал қалған жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілдері шешім қабылдайды. Егер көршілес өзге де аймақтарда жағдай ушықса, санитарлық бекет саны көбейеді.

Қанат Тұрдиев, Облыстық санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі:

– Павлодар облысындағыдай жағдай егер де көрші Алматы, Қарағанды облыстарында қайталанып, аталған облыстар «қызыл аймаққа» кіретін болса, біз тағы да осы аталған облыстармен шекаралас орындарда постаттардың жұмысын жандандыруға тура келеді.

Сондай-ақ...