Алматы облысында бір күнде 50 адамға екпе егілді

Бұл жұмыстар әзірге Талдықорған қаласы мен Еңбекшіқазақ, Қаратал, Қарасай аудандарында жүргізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы уақытта өзге аймақтарда жалғасады. Ол үшін өңірдегі медицина мекемелерінен 29 орын әзірленген. Алғаш болып тәуекел тобына жататын медицина мамандары мен мемлекеттік қызметкерлерге вакцина салынып жатыр. Жақын күндері оларға екінші қайтара екпе егіледі. Денсаулық сақтау саласының өкілдері екпе алғандардың денсаулығы жақсы екенін мәлімдеді.

Асхат Шарапиев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

– Бұл вакцина Ресей Федерациясынан келді. Ақпанның ортасында Қарағанды фармацевтикалық зауытынан келеді. Содан кейін екінші жартыжылдықта Қазақстанның өзінен шығарылған вакцинаны қабылдаймыз. Жалпы облыс бойынша 110 мыңнан астам адамға жоспарлануда.