Абай атындағы опера және балет театры ТҮРКСОЙ марапатына ие болды

Бүгін Алматыда ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ұжымын марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әртістер, дирижерлер мен концертмейстерлер «Абай» медаліне ие болды. Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына атсалысқан өнер адамдары алғыс хаттармен марапатталды. Былтыр театр «Абайға тағзым!» атты онлайн-концерт өткізген. Концертте Абайдың өлеңіне жазылған композиторлардың әндері ерекше аранжировкада шырқалған еді.  

Дүйсен Қасейінов, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы:

– Осындай қиын жағдайда репертуарын жоғалтпай, онлайн болса да Еуропадағы біздің іс-шараларда Абайды тағы бір танытқан солистерімізге, дирижерлерімізге рақметімізді айтып, медальмен марапаттауға осында келдік.