Полиция алаяқтан зардап шеккен азаматтарды іздестіруде

27 жастағы келіншек мемлекеттік бағдарламамен кезектен тыс тұрғын үй алып беруге уәде берген.

Қолжетімді бағамен баспана алуға көмектесемін деп азаматтардан әртүрлі сомада қаражат алып отырған.

Анықталғандай, күдікті 2015-2017 жылдар аралығында адамдардың сенімдеріне кіріп, ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген. 

Жалпы сома шамамен 300 млн теңгені құрайды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, №2 «Сарыарқа» аудандық сотының шешіміне сәйкес, ҚК 190 бабы 4-бөлігі, 2-тармағымен 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттен зардап шеккен тұлғалар бар болса, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне хабарласуы тиіс.

Мекенжай: Бейбітшілік көшесі, 19

Телефондар: +7(7172)71-62-26 немесе 102.