Коронавирустан емделіп жатқан 47 адамның жағдайы өте ауыр

6 ақпандағы мәлімет бойынша 27 200 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

«27 200 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 21 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 271 адамның жағдайы ауыр;

• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.