ДДСҰ коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдегенін мәлімдеді

Коронавирустың әлемде таралу қарқыны төмендеп жатыр.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы Мария ван Керкховен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Бұл бірқатар елде оқиғалардың (инфекция жағдайларының) азаюын бақылап отырғанымызды атап өту үшін жақсы сәт», - деді Керкховен.

Сарапшының айтуынша, бұған ең алдымен вирустың таралу тізбегін үзетін шаралар мен вакцинация көмектескен.

Керкховен COVID-19-дың жаңа жағдайлары азайып жатқан елдерді санитарлық шаралардың сақталуын бақылауды жалғастыруға шақырды.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлемде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар саны науқастар санынан асып түскенін айтқан еді.

«Бүкіл әлемде вакцинация саны инфекция туралы есептерден асып түсті. Бір жағынан бұл жақсы жаңалық және осындай қысқа уақыт ішінде қол жеткізген керемет жетістік. Бірақ бұл вакцинациялардың төрттен үш бөлігі 10 елге ғана тиесілі, жаһандық ЖІӨ-нің 60%-і жуығы солардыкі», - деді ол брифингте.

Сондай-ақ...