Ауыл тұрғындарының кәсібін қаржыландыру керек – Ерлан Саиров

Ауыл тұрғындарының кәсібін қаржыландыру керек.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, былтыр «Еңбек» бағдарламасымен ауылдықтарға 11 мыңнан астам несие берілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, биыл қаржы көлемі екі есеге азайып, 5200 несие берілмек. Депутат осы мәселені көтеріп, Үкіметке сауал жолдады. Ауылдағы шаруаларға несие берудегі басты проблема-банктер кепілзатты қабылдамайды. «Бұл жүйенің механизмін өзгертіп, проблеманы шешетін уақыт болды», - дейді депутат. «Сондай-ақ шағын несие беруде мол тәжірбиесі бар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын сақтап қалу керек» деген ұсыныс айтты.