Ақтауда төрт кәсіпорынға ауаны ластағаны үшін айыппұл салынды

Ақтаудың іргесіндегі 4 кәсіпорынға ауаны ластағаны үшін 10 млн теңге айыппұл салынды. Экология департаментінің мамандары зерттеулер қорытындысын сотқа жолдады.

Желтоқсан айында тұрғындар ауада жағымсыз иіс барын айтып, құзырлы органға жүгінген болатын. Өз кезегінде экологтар 15 және 33-шағын аудандғы стационарлық бекет көмегімен ауадан сынамалар алды. Мұндай сараптаулар шаһардың өндірістік аймағындағы зауыттардың маңында да жүргізілді. Нәтижесінде азоит диоксиді және метанның қалыпты мөлшерден асып кеткенін анықтады.

Фариза Қожанепесова, өңірлік экология департаментінің бөлім басшысы: 

- Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті өз тарапынан қоршаған орта заңнамасының бұзылуына сәйкес әкімшілік айыппұлмен залалды төлеуге ұсынды. Бірақ қазіргі таңда бұл өнеркәсіп мекемелері өздерінің заң бұзушылықтарын мойындамай, сотқа жүгініп отыр. Соттың шешіміне қарай әрі қарай да жұмыстанамыз.