Атырау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Атырау облысында да республикалық және облыстық маңыздағы жолдарда көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды.

Атырау-Индер, Сағыз-Мақат, Атырау-Аққыстау тас жолдары жабық. Көктайғақтан қала ішіндегі көлік қозғалысы да қиындады. Қардың уақытылы тазаланбауынан бір аптада 200-ден астам адам құлап, жарақат алған. Ал кеше 20 адам медициналық көмекке жүгінген. Төтенше жағдайлар қызметі мен полицейлер тұрғындарды боранда алыс жолға шықпау керектігін ескертеді.

Бауыржан Сәрсекенов, облыстық ПД басқармасының аға инспекторы:

- Ауа райының қолайсыздық жағдайына байланысты Атырау облысы тұрғындарынан жоспарлаған алыс сапарларыңызды кейінге қалдыруларыңызды сұраймыз. Жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында жол жүрісі барысында барлық қауіпсіздік шараларды сақтауды сұраймыз.