Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін оффтейк жасау керек – Қ.Тоқаев

Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мәлімдеді. 

«Соған сәйкес, тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасындағы бағамен сатып алынады», - деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 процентіне дейін қайтаратынын айтып өтті. «Бұл қай жағынан алып қарасақ та, бәріне пайдалы», - деді Президент.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Президент медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажеттігін айтты

Барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдері түбегейлі жеңілдетілмек

Аудан әкімдерінің тікелей сайлауы 2024 жылы өткізілуі мүмкін

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі жоспарын әзірлеу тапсырылды

Құмарпаздарды ойынға тартқан заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс – Президент

Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге тыйым салынады