Барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдері түбегейлі жеңілдетілмек

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдай жасау туралы тапсырма берді.

«Ең алдымен, барлық санаттағы мүгедектікті анықтау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету керек. Қазір күтімге мұқтаж адамдардың өзіне тиесілі әлеуметтік қызметтерді пайдалануы өте қиын.

Олар онсыз да белгілі нәрсені дәлелдеу үшін түрлі кеңсенің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Цифрлық технологиялар мен автоматтандыру дәуірінде мұндайға жол беруге болмайды. Сондықтан жұмыс тәсілін дереу өзгерту қажет», – деді Тоқаев.

Президент ол үшін Бірыңғай ақпараттық қор (база) құрып, жұртқа ыңғайлы әрі жұмыс істеуге оңтайлы жүйе жасауды ұсынды. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерін біріктіруі керектігін айтты.

«Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны биылғы 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды тапсырамын», – деді ол.

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Президент медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажеттігін айтты

Аудан әкімдерінің тікелей сайлауы 2024 жылы өткізілуі мүмкін

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі жоспарын әзірлеу тапсырылды

Құмарпаздарды ойынға тартқан заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс – Президент

Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге тыйым салынады