Өткен тәулікте қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды

Елде қар құрсауында қалған барлық адам құтқарылды.

Республикалық шұғыл штаб қызметкерлері осылай деді. Олар «өткен тәулікте қара суықта қалып қойған 140 адамға көмек көрсеттік» дейді. Қар құрсауынан құтқарғандардың арасында балалар да бар. Барлығын жылыту орыдарына жеткізген. қазір елде ондай 470 бекет жұмыс істеп тұр. Қолайсыз күн райы әлі сақталады. Сондықтан мамандар республикалық маңызы бар 42 жолды және облыс аумағындағы 66 трассаны уақытша жауып тастаған.

Қайрат Амангелдинов, ҚР ТЖМ Дағдарыс орталығының кезекші бөлім бастығы:

- Қауіпті аймақтарға 800 жуық қызметкер мен 500-ден аса арнайы техника жұмылдырылған. Олар өткен тәулікте 140 адамды қар құрсауынан құтқарды. Арасында 31 бала бар. Олардың барлығы жылыту бекеттеріне жеткізілді. Қазір шұғыл желі жұмыс істеп тұр. Құтқарушылардың көмегіне мұқтаж азаматтар 112 нөміріне хабарласа алады.