Нұр-Сұлтан қайтадан «қызыл аймаққа» енді

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша тағы да «қызыл аймаққа» енді.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары» ал, өзге өңірлер «жасыл аймақта». Өткен тәулікте қауіпті вирус 791 адамнан анықталды. Аймақтар бойынша ең көп Алматы қаласында – 99 дерек, Нұр-Сұлтанда 92, Ал Павлодар облысында 80 жағдай. Сонымен қатар өткен тәулікте 590 науқас қауіпті вирустан жазылып шыққан.