Таразда карантин тәртібін бұзатындар дрон көмегімен анықталады

Қазір мамандар даярлайтын оқу орталығында бірнеше ұшу құрылғысы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дрондар барлау кезінде ғана емес, ұрыс алаңдарында да қолданылады. Ұшу құрылғылары еліміздің Қарулы Күштеріне осыдан 6 жыл бұрын енгізіле бастаған.

Қазір бұл дрондар қауіпсіздікті қамтамсыз етуге де өз үлесін қосып келеді. Еліміздегі мамандарды даярлайтын жалғыз орталықтың меншігіндегі ұшу құрылғысы арқылы күндіз және түнде әуеден барлау жасалады. Олардың қуаты екі жарым сағатқа дейін жетеді екен. Өткен жылғы Төтенше жағдай кезінде осы құрылғылардың көмегімен 20 карантин талаптарын бұзу дерегі анықталыпты.

Гусен Мұстафаев, аға ұшқыш-нұсқаушы:

– «СКАЙЛАРК» ҰҰА жүйесі кішігірім басқару станциясымен басқарылады. Ұшқышсыз ұшу аппараты 40 шақырымға дейін бара алады. Биіктігі 1200-ге дейін жұмыс істей алады. Негізгі қызметі – барлау және сол мәліметтерді жоғары штабқа беру.

Әуе құрылғыларының қыр-сырын екі жарым айда меңгеріп алуға болады. Әуені барлау және дәл соққы беру үшін қолданылатын бұл құрылғы Wingloong деп аталады. Оның жылдамдығы сағатына 220 километрді құрайды. Құрылғыны қондыру үшін де арнайы алаңның қажеті жоқ тек ашық жер болса болғаны.

Нұртай Амантаев, мамандарды даярлау оқу орталығы басшысының орынбасары:

– Жер бетінен 6 мың метр биіктікке көтеріледі. Бір басқару пунктінен 200 км-ге дейін, екінші басқару пунктіне 450 км-ге дейін барлау жұмыстарын атқарады. Wingloong ҰҰА барлау және авиациялық жойғыш құралдарын қолдана отырып, жердегі нысанды жоюға арналған.Скайлакр аппараты тактикалық ұшу аппаратына жатады.

Әскери қызметшілер осы дрондарды түрлі оқу-жаттығу кезінде де қолданады. Сондай-ақ олар өздерінің тәжірибелерін Халықаралық әскери ойындарда шыңдап жүр.

Ержан Байбосынов, авиациялық эскадрилья командирі:

– Мен 2018 жылдан бастап халықаралық әскери ойындардан 1-орын алып келе жатырмын. Осы ойындарды үлкен дәрежеде көрсетеміз.

Қазір мамандар алдағы жаттығу жұмыстарына қызу дайындық жүргізіп жатыр. 

Асланбек Шығыр, Анастасия Сулейманова