СҚО-да жолда қалған үш адам құтқарылды

Жол бойында иен далада қалған үш адам құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың Айыртау ауданы маңында жеңіл көліктері сынып жол ортасында қалған. Төтеншеліктер көмекке жетіп, құтқару шараларын жасады. Қазіргі уақытта үш жолаушының да денсаулықтарына төнген қауіп жоқ. Төтенше жағдай министрлігінің мамандары құбылмалы ауа райында аса қажеттілік болмаса, ұзақ жолға шықпауға кеңес береді.