Үш адамның өмірін құтқарған майор марапатталды

Оқиға 26 ақпанда Петропавл қаласында болған. Еңбек демалысында жүрген Әлім Тасмағамбетов көше бойындағы бес қабатты үйдің бір пәтерінен түтін шығып жатқанын көреді.

Тәжірибелі офицер бірден өрт сөндірушілерге хабарласып, олар келем дегенше өзі іске кіріседі. Сөйтіп, тұрғындарды сыртқа шығарып, өртеніп жатқан үйден егде жастағы екі азаматшаны және бір баланы алып шыққан. Оның бұл әрекеті әріптестеріне, жас сарбаздарға және ең бастысы өсіп келе жатқан ұл қызына үлгі болды. Ұлттық ұлан ұжымы майор Тасмағамбетовке құрмет көрсетіп, медальды салтанатты түрде табыстады.

Ерлік Ықыласов,  ҚР Ұлттық ұлан 5573 әскери  бөлім командирінің орынбасары:

- Осындай іс-әрекеті мен іс-қимылымен нағыз ұлттық ұланның халыққа деген берік сенімді жауынгері екеніне лайық болып тұр. Бүгін біз әскери бөлімімізде әскери кешін өткізіп жатырмыз, бала-шағасын шақырып. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығымен Қоғамдық тәртіпті қорғауға қосқан үлесі үшін медалімен марапатталып тұр.