Солтүстік Қазақстан облысында қарағай тұқымын жинау науқаны аяқталуға жақын

Қысқы жиын-терім! Солтүстік Қазақстан облысында қарағай тұқымын жинау науқаны аяқталып қалды. Биыл орманшылар қылқан жапырақты ағаштың 60 тонна бүршігін дайындап жатыр. Ол не үшін керек? 

Бұл адамдар аязда да, боранда да орманда. Қыс бойы осылай биік қарағайларға шығып, бүршігін жинайды. Тірнектеп тереді десек болады. Бұл көктемге тұқым дайындау науқаны.

Мәлік Мұрсәлім, орманшы:

- Кей жылдары көп болады. Онда бір айдың ішінде, жарты айдың ішінде жинап аламыз. Тұқым жоқ кезінде жүреміз енді, көбірек жүреміз енді. Іздейміз. Ағаштарды айналамыз. Жол болмай қалады. Жаяу барамыз.

Жаяу болғасын баяу. «Бір қапты жарты күн жүріп толтырған кездеріміз болды» дейді орманшылар. Оның үстіне биыл қарағай бүршігі сирек кездесетін көрінеді.  

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Табиғат қорғаушыларына осы қыста 60 тонна қарағай бүршігін жинау керек. Бұл шамамен екі жарым мыңдай қап. Мамандардың айтуынша, ағаш тұқымын аязда терген дұрыс. Өйткені ол күннің суығында оңай үзіледі.

- Каждая семянка это уже будет одно дерево.

100 келі бүршіктен тек бір келі тұқым шығады. Ол арнайы құтыларда қоймада сақталады. Орманшылар осылайша бір дәнді өсіріп шығару үшін қажыр-қайратын сарп етеді.

Михаил Власов, орман шаруашылығының қызметкері:

- Бұл бүршіктер ыстық барабанға төгіледі. Жоғары температурадан олар ашылып, қанатты тұқымдар шашылады. Бір сөзбен айтқанда, оңай шаруа емес. 

Өңірде қарағай мен қайың ағаштары екі есеге ұлғаяды. Биыл табиғат қоршаушылары 3 млн жуық көшет отырғызбақ. Ол болашақта бір мың гектар орман болады.

Авторлар: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев