Шетелден келген 32 адам карантиндік стационарға жеткізілді

Кеше еліміздің аумағына 30 халықаралық рейс келіп қонды.

Ұшақтардағы 4398 жолаушының 32-сінде теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасы болған жоқ. Олар әуежайдан карантиндік стационарға жеткізіліп, сол жерде тест тапсырды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлап отыр. Аталмыш рейстер Үндістан, Мальдив Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен келді. Бұл ұшақтардың басым бөлігі Алматы қаласына қонды. Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау, Қостанайға әуежайлары да бірқатар рейс қабылдады.

Сондай-ақ...