Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

Таразда әскери бөлімнен қашып, 4 күн бойы іздеуде болған сарбаз ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мерзімді қызметтегі жігіттің жасы 19-да. Әскерилердің сөзіне сенсек, Нұрасыл Арысбаев түнгі сағат 3-тер шамасында кезекшілігін тастап, ешкімге ескертпестен өз еркімен кетіп қалған. Жанындағы серігі де байқамапты. Сарбаз әлі жарты жыл әскери борышын өтеуі керек. Нұрасылдың басқалармен қарым-қатынасы жақсы, сабырлы жігіт, дейді бөлімдегілер. Жауаптылар оның қолында қару болмағанын айтты. Ал сарбаздың туыстары оның қашып кеткеніне сенбей отыр.

Дина Мухаринова, ҚР ҚМ медиа-орталығының Тараз гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы:

– Әскери бөлімнен өз еркімен кеткен сарбазды іздестіру жұмыстары бүгін сәтті аяқталды. Ол Тараз қаласынан 40 шақырым жердегі Ақыртөбе ауылынан табылды. Жігіт дін аман. Денсаулығы жақсы. Шымкент тумасы. Іздестіру тобы оны тамақтандырып, әскери полиция учаскесіне алып кетті. Онда мамандар сарбаздың не себепті еш ескертусіз кетіп қалғанын анықтайды. Қандай шара қолданылатыны кейін белгілі болады.

Сондай-ақ...