Коронавирус: еліміздің стационарларында сегіз мыңнан астам науқас емделуде

Елімізде 1 сәуірдегі мәлімет бойынша 25 156 адам коронавирус инфекциясынан (23 481 КВИ+ және 1 675 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 8 590 пациент стационарда, 16 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 348 адамның жағдайы ауыр;
• 83 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 52 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.