ШҚО: Ақтоғай елді мекені санитарлық бекеттің сыртында қалып қойды

Еліміздегі эпидахуалдың күрделенуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында сақтық шаралары күшейтілді. Қазір өңіраралық жолдарға төрт санитарлық бекет қойылған. Солардың бірі Алматы-Өскемен бағытында тұр. Республикалық маңыздағы жол бақылауда болғанымен Ақтоғай елді мекені санитарлық бекеттің сыртында қалып қойған. 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Қос облысты жалғайтын күре жолмен күніне 200-ден аса көлік жүреді. Олардың көбі құрылыс заттары мен азық-түлік тауарын тасымалдаушылар.

- Ассалаумағалейкум. Қай жерден келе жатырсыз? Қайда бара жатырсыз?

Жүргізуші:

- Алматыдан Аягөзге кетіп бара жатырмын. Жеміс-жидек алып бара жатырмын. ПЦР тесттен тексеріліп, бәрі дұрыс, ыстық жоқ. Тәулік болды келе жатқанымызға бұйырса ақырындап ақырындап жетеміз Аягөзге.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Өскеменге қарай бет алғандардың барлығын полицейлер тоқтатып жатыр. Жүргізушінің төлқұжатын, жүк көліктерінің құжатын тексереді. Осы төрт күн ішінде құқық бұзушылық болды ма?

Қуаныш Дюсадилов,ШҚО ПД ППР взвод командирі:

- Төрт күн ішінде екінші сәуірден бастап орнатылған бекет 800-ден аса көлік жүрді. Оның көбінесе жүк көлік. Құқық бұзушылық болған жоқ. Қазір сол тексерудеміз. 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Ал медицина мамандары жүргізушілерді тіркеп, қайдан қайда бара жатқанын және ПТР-тест анықтамасының бар жоғын сұрайды. Жолаушылардың дене қызуын өлшеп жатыр.

- Сәлеметсіз бе. Бүгін қанша адамды тексердіңіздер?

Сәулетай Шурахметова, Таскескен ауылдық дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі:

- Бүгін таңертеңнен бастап 30 адамнан артық өтті. Бір суткасына 250-260 адамлар өтіп жатыр. Ешкімде дене қызуы, жөтелі, ПЦР тест положительный болған жоқ.

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Санитарлық бекет Алматы облысынан Өскеменге қарай 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Ал ШҚО қарайтын Ақтоғай елді мекені санитарлық посттың сыртында қалып қойған. Яғни республикалық жол бақылауда ал Ақтоғай арқылы Аягөзге шығатын қара жол ашық қалғаны ма? Осы мәселеге қатысты құзырлы орган өкілдерінен ресми мәлімет күтеміз.

Авторлар: Ш. Қалиден, О. Байбосынов