Қазақстанда «қызыл аймақ» бойынша мәлімет жаңарды

13 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды ​​облыстары тұр.

«Сары аймақта»: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шығыс Қазақстан облысы мен Түркістан облысы.