Атырауда эпидахуал күрделеніп барады

Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал ушығып барады. Ауру жұқтырғандардың саны артқан. Соңғы тәулік мұнайлы өңірде 140 адамның қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. Оның 101-і облыс орталығынан, 12-сі Теңіз кен орнынан тіркелген. Қалғаны аудан тұрғындары арасынан анықталып отыр.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған 83 науқаста,ауру симптомды түрде өтуде. Қазір мыңнан астам адам, үй жағдайында, 168 адам модульдік ауруханада ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар өңір тұрғындары арасында вакциналау науқанына белсенділік артқан.

Асхан Байдуәлиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

- 2253 медицина қызметкері екпе алды. Сонымен бірге 1984 педагог, 648 полиция қызметкері, 115 студент, 71 жабық мекемелердің қызметкерлері, 715 құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 177 мемқызметкерлер, 8715 өзгелері екпені салып болды. Апрельдің 23-і күні біз тағы да 8000 вакцина күтілуде.