Тараз «қызыл аймаққа» енді

Таразда соңғы бір аптада 459 адам коронавирус жұқтырған. Қазір барлық ауруханаларда орын тапшылығы байқала бастады.

Өңірде осыған дейін қауіпті індеттен 64 адам қайтыс болған. Қазір мамандар халықты санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырып, дабыл қағып отыр. Ойын-сауық, форумдар, конференциялар отбасылық, спорттық іс-шараларды өткізуге толықтай тыйым салынды. Жексенбі күндері ашық базарлардың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ демалыс күндері сауна, СПА, бассейндер жұмыс істемейді. Театр, кинотеатр, түнгі клубтар жұмысына тыйым салынды. Мамандардың айтуынша, эпидемиологиялық ахуал бұдан әрі де қиындаса блокбекеттер қойылуы мүмкін.

Бағлан Қыдырбаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Және діни объектілерде, мешіттерде, церковьтерде ұжымдық іс-шараларды өткізуге болмайды. Ұйымдар мен офис қызметкерлері 80 процент қашықтықтан 20 процент күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат бар. Қоғамдық көліктер часпик уақытысы дейді. Сол уақыттарда саны көбейтіледі. Және көлікке адамды тек қана орынға отырғызу арқылы. Барлық ауруханаларда орын тапшылығы және де резервті төсек орындар ашылу үстінде. 

 

 

Сондай-ақ...