Елордада қураған шөпті өртеген күдікті ұсталды

Елордада қураған шөпке от қойған күдікті ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бөгенбай батыр көшесінің бойында тапа-тал түсте бір топ азамат ішімдік ішкен. Олардың бірі кетер алдында жерде жатқан сым түйінін оттықпен өртеген. Тұтанған от қамысқа тиіп, түгел аумақты шарпыған. Сөйтіп, өрт жеке тұрғын үй учаскесіне дейін жеткен. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер отты сөндіріп үлгерді. Зардап шеккендер жоқ. Тәртіп сақшылары күдіктілерді кейін бейнебақылау камералары арқылы тапқан.

Сондай-ақ...